«СҚ-Фармацияға» жаңа өкілеттік берілді

28 шілде, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
«СҚ-Фармацияға» жаңа өкілеттік берілді Үкімет қаулысымен «СҚ-Фармация» компаниясына жаңа өкілеттік берілді. «СҚ – Фармация» ЖШС-не дәрі-дәрмектерді кейіннен бөлшек сауда желісінде шекті бағалар бойынша сату үшін көтерме сатып алу жөнінде өкілеттік берілсін», - делінген Үкімет қаулысында. Қаулы қол қойылған күні яғни 23 шілдеден бастап күшіне енген.