«Nur Otan» мүшесі 2 тонна бақша дақылын дәрігерлерге тегін таратты

«Nur Otan» мүшесі 2 тонна бақша дақылын дәрігерлерге тегін таратты

«Nur Otan» мүшесі 2 тонна бақша дақылын дәрігерлерге тегін таратты
ашық дереккөзі
Елімізде «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы жүріп жатқаны белгілі. Осыған орай, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Жетісай ауданның құрметті азаматы, белгілі кәсіпкер «Arsenal Sad» шаруа қожалығының төрайымы Ақтөреева Қаршыға игі істі жалғастырды. Ол Жетісай ауданы орталық ауруханасының қызметкерлеріне 1 тоннадан астам алма, жүзім, 1 тоннаға жуық қауын, қарбыздарды тегін үлестірді. Қаршыға Ақтөреева ауданымыздың осал топтағы азаматтарына, әлеуметтік жағдайы  төмен отбасыларына да көмек қолын созып келеді. «Аудан әкімі, партияның аудандық филиалының төрағасы Жамантай Бейсенбаевтың тапсырмасына сәйкес елдегі кәсіпкерлерді ұйымдастырып, мұқтаж азаматтарға көмек көрсету жұмыстары жүзеге асып келеді. Осындай қиын кезеңде қол қусырып отырмай, қолындағы барымен бөлісіп, елдің қамы үшін аянбай еңбек етіп жүрген кең жүректі, жаны жомарт жандарға партия атынан шынайы алғысымды білдіремін» дейді,  – «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов.  width=