COVID-19: Алматыда ауруханаға түсушілер саны 2 есе азайды

COVID-19: Алматыда ауруханаға түсушілер саны 2 есе азайды

COVID-19: Алматыда ауруханаға түсушілер саны 2 есе азайды
ашық дереккөзі
Пандемия басталғалы Алматыда 10 955 адам коронавирус жұқтырған. Бүгінгі күні науқастардың  6 341-і немесе 60 пайызы емделіп шықты. Бұл туралы Үкімет отырысында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.  Алматы әкімінің айтуынша, карантин күшейтілгелі бері қаладағы эпидемиологиялық жағдай кешенді түрде тұрақтанды. Мегаполистегі коронавирус жұқтыру өсімі 2,2%-ға дейін төмендеген. «Пневмония және COVID-19 күдігімен жедел жәрдем шақырулар саны 4 есе азайды. Стационарларға жатқызылатын адамдар саны 2 еседен астам көрсеткішке төмендеді. Емханаға жүгінушілер саны да 2 есе азайды», - деді Бақытжан Сағынтаев. Айта кетейік, бұған дейін Үкімет басшысы карантин шараларының нәтижесіне тоқталған болатын. Асқар Маминнің айтуынша, шілдеде жедел жәрдем шақыру көрсеткіші 38 пайызға төмендеген.