Шілдеде жедел жәрдем шақыру көрсеткіші 38 пайызға төмендеді

Шілдеде жедел жәрдем шақыру көрсеткіші 38 пайызға төмендеді

Шілдеде жедел жәрдем шақыру көрсеткіші 38 пайызға төмендеді
ашық дереккөзі
Үкімет ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин карантин шараларының нәтижесіне тоқталды.  «Карантиндік шаралардың мерзімі 2 тамызда аяқталады. Жалпы, осы кезеңде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды, медицина ұйымдарының жүктемесі біршама азайды. Жазылып кеткендердің саны 63 пайыздан асты. Вирус жұқтырудың тәуліктік өсімі 4 пайыздан 1,7 пайызға дейін азайды», - деді Үкімет басшысы. Сондай-ақ, Асқар Маминнің айтуынша, ауруханалардағы төсек-орын жүктемесі 46 пайызға дейін төмендеді. Ай қорытындысы бойынша жедел жәрдемді шақыру көрсеткіші 38 пайызға түскен. «Барлық өңірлер дәрі-дәрмектің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген. Осыған орай, эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсартуымыз қажет. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі Карантиндік шараларды біртіндеп алу жоспарын ұсынып отыр. Қазіргі жағдай мен осы айдың қорытындысын ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның отырысында бұл Жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданады», - деді Премьер-Министр. Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрі 3 тамыздан бастап қандай нысандардың жұмысы жанданатынын айтты. Сондай-ақ, қандай нысандардың жұмысына салынған тыйым күшінде қалатынын түсіндірді.