Жаңалықтар

Карантиннің жеңілдетілуі: Қоғамдық көліктерде кондуктордың болуы міндеттеледі

ашық дереккөзі

Карантиннің жеңілдетілуі: Қоғамдық көліктерде кондуктордың болуы міндеттеледі

Карантин шаралары жеңілдетілген жағдайда да көшеде тұрғындардың қозғалысына қатысты бірқатар талаптар күшінде қалмақ.  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, көшеге, саябақтарға, скверлерге және жағалауға барғанда 3 адамнан артық топтасуға тыйым салынады. Ал спортпен айналысушылар үшін әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, ұлттық құрамалар үшін 30 адамнан аспайтын спорттық жаттығуларға рұқсат берілмек. Министр қоғамдық көлік  жұмысына қатысты талаптарға да тоқталды. «Қоғамдық көліктің жұмысы уақыт пен жолаушылар санын 50% шектей отырып, маскалық, санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтауды және кондукторлардың болуын міндеттеу арқылы қайта жанданады», - деді Алексей Цой. Еске сала кетсек, бұған дейін министр 3 тамыздан бастап қандай нысандардың жұмысы жанданатынын айтқан болатын.