Елбасы Мырзахметовты қабылдады
Елбасы Мырзахметовты қабылдады
Елбасы Премьер-министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовті қабылдады.
Кездесуде А.Мырзахметов Мемлекет басшысына еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің негізгі даму көрсеткіштері, көктемгі егіс науқанының қорытындылары, сондай-ақ күзгі жиын-терін жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев жиын-терін науқанына сапалы дайындалу және өткізу үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті.
Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін, саланың экспорттық әлеуетін ұлғайтудың және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын арттырудың маңыздылығына тоқталды.
А.Мырзахметов биыл ауыл шаруашылығында егіс алқаптары былтырғы деңгеймен салыстырғанда 448 мың гектарға артып, 21,6 млн гектарға жеткенін мәлімдеді. Жиын-терін жұмыстарына дайындық аясында үкімет тиісті шаралар қабылдады, соның ішінде аграрлық кәсіпорындар жалпы құны 60 миллиард теңгеге несиелендірілді, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін жанар-жағармай құнын арзандату мәселесі қамтамасыз етілді.
Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.