Министр 3 тамыздан бастап қандай нысандардың жұмысы жанданатынын айтты

Министр 3 тамыздан бастап қандай нысандардың жұмысы жанданатынын айтты

Министр 3 тамыздан бастап қандай нысандардың жұмысы жанданатынын айтты
ашық дереккөзі
Індеттің таралу деңгейі тұрақталып, төсек орындар 70 пайызға босаған жағдайда 3 тамыздан бастап елімізде ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сән салондары ашылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.  «COVID-19 ауруын жұқтыру мен одан келетін өлім-жітім жағдайының ары қарай тұрақталуы – экономиканың барлық секторын тартып, үйлесе жұмыс жүргізуге байланысты болмақ. Атап айтқанда тұрақтандыру бағытындағы қабылданған шаралардың нәтижесінің 30 пайызы ғана – медициналық көмек пен эпидемиологиялық шараларға байланысты. Ал қалған 70 пайызы жаппай маска кию режимі мен гигиенаға (30 пайызы), сонымен қатар әлеуметтік қашықтықты сақтауға (40 пайызы) байланысты», - деді министр. Алексей Цой карантин мерзімі аяқталғаннан кейін, яғни 3 тамыздан бастап қандай нысандардың жұмысы жанданатынын айтты. «Апта ішінде инфекцияның таралу деңгейі тұрақталып, төсек орындар 70 пайызға босаған жағдайда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, уақыты мен күні шектеулі тәртіпте сауда желілері, жабық азық-түлік нысандары мен азық-түлік сатпайтын базарлар ашылады. Сондай-ақ, балалардың коррекция кабинеті, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, топтық үйірмелер (бес баладан аспауы керек) жұмыс бастайды. Балалардың мектепке дейінгі мекемелеріне де кезекші топ режимінде жұмыс істеуге рұқсат. Сән-салондары, шаштараздар, косметикалық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюрлар мен педикюрлар (алдын ала жазылу бойынша) да ашылады», - деп түсіндірді ведомство басшысы.