«Nur Otan» ШҚО дәріханаларындағы дәрі бағасын бақылауда ұстап келеді
«Nur Otan» ШҚО дәріханаларындағы дәрі бағасын бақылауда ұстап келеді
«Nur Otan» партиясының өкілдері, аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және арнайы мониторингтік топ өкілдері өңірдегі дәрі-дәрмек бағасы бойынша мониторинг жұмыстарын жалғастыруда.
Шығыста дәрі-дәрмек бойынша жағдай тұрақталып келеді. Бұл туралы «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бахыт мәлімдеді. – ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 2020 жылғы 10 шілдедегі №611 бұйрығына сәйкес құрылған арнайы мониторингтік топ бүгінгі күнге дейін күнделікті дәріханаларға мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Барлығын салыстыра келе, дәрі тапшылығының өңірімізде төмендегенін атап өткім келеді. Қазір барлық дәріханаларға ыстық түсіретін препараттар келіп түсті. Бір адамға 2 данадан сатылып жатыр. Кезекті бақылау барысында біз дәрі бағасының өсіп кетпеуін қадағалаудамыз, –деді Маржан Бақыт. Аталған жобалық кеңсе дәрі-дәрмек бойынша барлық жағдайлар мен шет мемлекеттерден келетін гуманитарлық көмектерді басты назарда ұстап отырғанын атаған орынды.