«Nur Otan» ШҚО дәріханаларындағы дәрі бағасын бақылауда ұстап келеді

«Nur Otan» партиясының өкілдері, аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және арнайы мониторингтік  топ  өкілдері өңірдегі дәрі-дәрмек бағасы бойынша мониторинг жұмыстарын жалғастыруда.

Нұротандықтар Шығыс Қазақстанда дәрі-дәрмек бойынша жағдай тұрақталып келе жатқанын қадағалап отыр
Шығыста дәрі-дәрмек бойынша жағдай тұрақталып келеді. Бұл туралы «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бахыт мәлімдеді.

– ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 2020 жылғы 10 шілдедегі №611 бұйрығына сәйкес құрылған арнайы мониторингтік топ бүгінгі күнге дейін күнделікті дәріханаларға мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Барлығын салыстыра келе, дәрі тапшылығының өңірімізде төмендегенін атап өткім келеді. Қазір барлық дәріханаларға ыстық түсіретін препараттар келіп түсті. Бір адамға 2 данадан сатылып жатыр. Кезекті бақылау барысында біз дәрі бағасының өсіп кетпеуін қадағалаудамыз, –деді Маржан Бақыт.

Аталған жобалық кеңсе дәрі-дәрмек бойынша барлық жағдайлар мен шет мемлекеттерден келетін гуманитарлық көмектерді басты назарда ұстап отырғанын атаған орынды.

whatsapp image 2020 07 24 at 16.44.34

Осыған байланысты, егер сіз дәрі-дәрмектердің бағасын көтеру фактілеріне тап болсаңыз, жемқорлыққа қарсы Call-center 1424-ке қоңырау шала аласыз немесе «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің WhatsApp-нөміріне хабарлау қажет +7 702 000 24 94 («Adaldyq alańy» республикалық жобалық кеңсесі), + 7 778 474 69 35 («Шығыс – Адалдық алаңы» жобалык кеңсесі).

Семейде дәрі тапшылығы жойылып келеді

«Шығыс – Адалдық алаңы» жобасы аясында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің өкілдері дәрі-дәрмек бағасы мен жетіспеушілігі бойынша аймақтағы жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Осы орайда, Семей қаласының «Жастар ресурстық орталығының» мамандары бірқатар дәріханаларда болып, дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін шешу мақсатында бақылау жүргізді.

– Елімізде қауіпті індеттің өршуіне байланысты халық көптеген қиындықтармен кездесіп жатқаны белігілі. Олардың ішіндегі күрделісі – дәріханалардағы дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі. Осы мәселенің анық- қанығына көз жеткізу мақсатында Семей қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары қала дәріханаларында мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг нәтижесінде қаладағы дәрі-дәрмек тапшылығы жойылып келе жатқандығы айқын көрінеді. Екі апта бұрынғы жағдаймен салыстырғанда, қазіргі сәтте халыққа қажетті препараттардың көпшілігі дәріхана сөрелерінде пайда болғаны байқадық, – дейді Семей қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Қуаныш Молдақашев.

 

Back to top button