2021 жыл Қазақстанда Экология жылы деп жариялануы мүмкін

2021 жыл Қазақстанда Экология жылы деп жариялануы мүмкін

2021 жыл Қазақстанда Экология жылы деп жариялануы мүмкін
ашық дереккөзі
Келер жыл елімізде Экология жылы  деп жариялануы мүмкін. «Экологиялық білім: қазақстандық қоғамда экологиялық білім беру, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу және қалыптастыру» атты дөңгелек үстел отырысында қоғам қайраткері, атыраулық журналист Арман Хайруллин осындай ұсыныс айтты.  «Атырауда бүгін экологиялық апокалипсис болды деуге негіз бар. Тоқсаныншы жылдардан бүгінге дейін ауа бассейніне 4 млн тонна уытты заттар шығарылған екен. Осының барлығы біздің денсаулығымызға зиян келтіріп отыр. Шақалақтардың шетінеуі және де түрлі патологиялар бойынша алда келе жатырмыз. Менің ұсынысым – біздің Экология министрлігін құрып берген президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев келер 2021 жылды Экология жылы деп жарияласа екен. Жиырма жылда бірде-бір Экология жылы жарияланған жоқ. Қазақстандықтарды осы ұсынысымды қолдауға шақырамын, - деді Арман Хайруллин.  Айта кетейік, жуырда Президент министрлерге жастарды экологиялық ағарту жұмыстарын қолға алуды тапсырған болатын «Азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр. Отандастарымыздың ерекше қызғылт түсті «Көбейтұз» көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты алаңдаушылығы орынды. Бұл жағымсыз әрекеттер өскелең ұрпаққа жүргізілетін экологиялық ағарту жұмыстарының түйткілдерін ашып берді. Білім, Экология, Ақпарат министрліктері бұл мәселені жұмыстарының басым бағыты ретінде қарастыруы керек», - деп  жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.