Партиялықтар көмекке мұқтаж азаматтарға қол ұшын созды

Партиялықтар көмекке мұқтаж азаматтарға қол ұшын созды

Партиялықтар көмекке мұқтаж азаматтарға қол ұшын созды
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық филиалы «Меридиан» бастауыш партия ұйымының қолдауымен (төрағасы – Р.Е.Шалудкин) «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар және жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсетті.  width= Партиялықтар көмекке мұқтаж азаматтарға азық-түлік себеттерін жеткізді.  width= Пандемия салдарынан қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсету жұмыстары әрі қарай жалғасын табады. Айта кетейік, бұған дейін нұротандықтар Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының жанынан ашылған провизорлық орталыққа оттегі концентраторын алуға көмектескен болатын.