Жаңалықтар

Қазақстанда жеке кәсіпкерлер саны 3 пайызға азайған

ашық дереккөзі

Қазақстанда жеке кәсіпкерлер саны 3 пайызға азайған

Елімізде тіркелген жеке кәсіпкерлік саны бір жыл ішінде 3%-ға азайған. Әсіресе, көлік пен қойма, сауда саласында айтарлықтай төмендеу болған, деп хабарлайды finprom.kz. 2020 жылдың шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген 1,2 млн жеке кәсіпкер бар екен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,8% төмен. Дегенмен, соңғы үш ай ішінде ЖК санында өсім бар: сәуірде - 0,03%, мамырда - 0,3%, маусымда - 0,5%. Оған дейінгі 6 айда ЖК саны аз болған. Жеке кәсіпкерлердің жартысынан астамы автомобильдер мен мотоциклдерді сату және жөндеуде (400,6 мың), сондай-ақ ауыл, орман және балық шаруашылығында (252,4 мың) тіркелген. ЖК санының едәуір төмендеуі көлік және қойма саласында (-11,9%), сауда (-9,4%) және жылжымайтын мүлік операциялары (-8,4%) бағытында байқалды. Өңірлер арасында тіркелген ЖК бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында тұр – 159,4 мың (өткен жылмен салыстырғанда 1,5%-ға аз). Одан кейін Түркістан облысы (136 мың) мен Алматы облысы (124,5 мың) тұр. ЖК санының өсімі Қазақстанның 17 өңірінің тек 5-де байқалған. Ең қатты өсім Шымкент қаласы (+3%) мен Нұр-Сұлтан қаласында (+2,9%). Ал, ШҚО (−12%), Қостанай (−9,9%) және Ақмола (−9,7%) облыстарында айтарлықтай азайған.