Жаңалықтар

Қырғызстанда коронавирус құрбандарының саны 1,2 мыңнан асты

ашық дереккөзі

Қырғызстанда коронавирус құрбандарының саны 1,2 мыңнан асты

Өткен тәулікте Қырғызстанда коронавирустан 28 адам көз жұмды. Бұл ауруханадан тыс пневмонияны есепке алғандағы көрсеткіш, деп хабарлайды Кабар агенттігі.  Елдің коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штабыныңы дерегінше, қайтыс болған науқастардың 8-і Бішкектен, 2-і Оштан, 4-і Чуй облысынан, 2-і Ош облысынан, 1 Нарын облысынан, 4-і Ыстықкөл облысынан, 5-і Жалал-Абад облысынан, 2-і Баткен облысынан. «Эпидемия кезеңі басталғалы барлығы 1 277 адам қайтыс болды», - делінген штаб хабарламасында. Індет таралғалы Қырғызстанда 32 813 адамнан коронавирус анықталған. 20 388 адам емделіп шықты. Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 1402 адамнан коронавирус анықталып, қатерлі вирус жұқтырғандардың жалпы саны 83 122-ге жетті. Індеттен 585 науқас көз жұмды.