Жаңалықтар

Солтүстік Кореяда алғаш рет бір тұрғын коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінді

ашық дереккөзі

Солтүстік Кореяда алғаш рет бір тұрғын коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінді

КХДР-да алғаш рет коронавирусқа жұқтырды деген күдікпен бір азамат карантинге жабылды.  Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға Кэсон қаласында тіркелген. Шаһар тұрғыны 3 жыл бұрын Оңтүстік Кореяға қашып, өткен аптада шекараны заңсыз кесіп, елге оралған екен. Қашқынның елге індет тарату қаупі жоғары болуына байланысты мемлекет басшысы Ким Чен Ын Еңбекші партия орталық комитетінің шұғыл отырысын өткізді. Жиында Кэсонда төтенше жағдай жариялап, қаланы жабу туралы шешім қабылданды. Қаланың әр ауданы оқшауландырылып, бақылау күшейтілді. Індет жұқтырды деген күдікке ілінген азаматпен байланыста болғандар анықталып, карантинге алынуда. Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Кореяда коронавирус жұқтырудың бірде-бір дерегі тіркелмеген. КХДР басшысы Ким Чен Ынның айтуынша,  коронавирустың ел аумағына енбеуі Еңбек партиясы Орталық комитетінің және халық бірлігі арқасы.