Сафар Шәкеевті 110 полицей мен 60 ерікті іздеуге кірісті

Жоғалып кеткен Сафар Шәкеевті іздестіру жұмыстарына 110 полицей мен 60 ерікті қосылды.

Полициядағылардың айтуынша, әзірше жаңа ақпарат жоқ. Іздестіру жұмыстары қаланың түрлі аумақтарында жүріп жатыр. Азаматтардың қоңырауларынан келіп түскен барлық мәлімет қаралып жатыр. Айта кетейік, 18 шілдеде Сафар Шәкеевті іздестіру жұмыстары тоқтаған жоқ.

Соңғы рет оны Әл-Фараби даңғылындағы «Казкоммерцбанк» орталық бөлімшесінде таңғы сағат 7.00-де көргендер бар. Сафар Шәкеев қызғылт түсті футболка мен көк джинс киген. Ертеректе Шәкеевті іздестіруге 50-ге жуық полицей жұмылдырылған мобильді топтардың жұмыс жасап жатқандығы хабарланған. 1991 жылғы Сафар Шәкеевтің із-түссіз жоғалғаны туралы хабар Медеу аудандық ішкі істер басқармасына 2016 жылдың 16 шілдесінде сағат 22.00-де түскен.

Оны көргендер мен мәліметі барлардан мына телефондар арқылы хабарласу сұралады: 8 (747) 626-48-54, 8 (701) 787-88-87, 8 (775) 478-87-71.

Back to top button