«Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасының алғашқы жүргізушісі қайтыс болды

88 жасында белгілі америкалық актер, әлемге әйгілі «Миллион кімге бұйырады?» шоуының жүргізушісі Реджис Филбин көз жұмды.

ТАСС-тың хабарлауынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп Филбиндер отбасына көңіл айтты. Трамп Филбин оның досы болғанын және АҚШ президенттігіне сайлауға түсуге шақырғанын жеткізді.

Реджис Филбин 1999 жылдан бері көрсетіле бастаған «Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасының алғашқы жүргізушісі болды.  Тележүргізушінің АҚШ телевизиясы эфиріне шығу уақыты 17 мың сағаттан асады. Оның бұл жетістігі Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Back to top button