Жаңалықтар

Көлік комитеті заңсыз такси қызметіне бақылауды күшейтті

ашық дереккөзі

Көлік комитеті заңсыз такси қызметіне бақылауды күшейтті

Еш жерде тіркелмей, жолаушы тасымалдаумен айналысатындарды бақылау күшейтілді. Бұл туралы Көлік комитеті хабарлады. Мамандардың айтуынша, бұл қауіпті індетті жұқтыру дерегінің артуына тосқауыл қою үшін жасалып отыр. Мәселенің екінші жағы такси көлеңкелі бизнеске айналып барады. Бір ғана Шымкент қаласын алсақ, ресми тіркелген көлік саны – 2 мың. Ал түрлі қосымшалардың көмегімен 8000-ға жуық автокөлік иесі заңсыз түрде адам тасымалдаумен айналысады. Олардың бір тәулік ішіндегі қаржы айналымы 30 млн теңгеден асады екен. Енді тиісті ведомство кеңейтілген отырыс өткізіп, осы айтылған мәселелердің алдын алу шараларын пысықтамақ.