40 адамнан аспауы тиіс: Тәжікстанда той өткізудің жаңа ережелері бекітілді

40 адамнан аспауы тиіс: Тәжікстанда той өткізудің жаңа ережелері бекітілді

40 адамнан аспауы тиіс: Тәжікстанда той өткізудің жаңа ережелері бекітілді
ашық дереккөзі
27 шілдеден бастап Тәжікстанда үйлену тойларына 30-40 адамнан артық шақыруға тыйым салынды.  Ел үкіметі енгізген жаңа тәртіп бойынша, ел тұрғындары той-томалақтарды тек отбасылық шеңберде жасауы тиіс. Тәжікстан үкіметі жанындағы Дін істері комитеті республиканың облыс, қала және аудандарындағы атқарушы органдарға жеделхат жолдап, бұл тыйым елдегі коронавирус жағдайы тұрақталғанға дейін сақталатынын ескертті. Бұған дейін Тәжікстанда эпидемияға қарсы шараларды күшейту жөніндегі республикалық штаб 20 маусымнан бастап елде 100 адамға дейін қатысатын іс-шараларды өткізуге уақытша рұқсат еткен болатын. Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты ел билігі шектеу шараларын қайта күшейтті. Пандемия басталғалы елде 7 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды. Індеттен 59 науқас көз жұмды. Айта кетейік, карантин жариялануына байланысты Қазақстанда 2 тамызға дейін ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салынған. Әділет министрі Марат Бекетаев карантиндік шектеулерге қарамастан той жасағандарды қандай жаза күтіп тұрғанын егжей-тегжейлі түсіндірген болатын. Министрдің сөзінше, алғашқы жағдайда айыпталушыға 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Егер той-томалақ кезінде азаматтар жаппай вирус жұқтырса, айыппұлдың да көлемі айтарлықтай көп болады. Ал оқиғаның салдары жағымсыз жағдайға апарса, қылмыстық іс те қозғалуы ықтимал.