Қаза тапқан отбасына 15 млн теңге беріледі

Бұған дейін Алматыда болған атыстан полиция капитаны Бауыржан Нұрмаханбетов, кіші сержант Мақсат Сәлімбаев пен полиция старшинасы Аян Ғалиев қаза тапты. Ал терактіден қаза тапқандардың отбасына 15 миллион теңгеден, ал зардап шеккендердің отбасына бес миллион теңгеден берілетін болды.
Бүгін Алматы ауруханасында атыстан жарақат алған полицей қайтыс болды. «Бүгін, яғни 19.07.2016 жылы, 13.45-те аурухананың жансақтау бөлімінде жол-патрульдік полициясының мамандандырылған батальоны қызметінің аға инспекторы полиция лейтенанты 1986 жылғы Тимур Бегасылов қайтыс болды. Ол жол-патрульдік полициясының өзіндік қауіпсіздік экипажының құрамында Абылай хан даңғылында қызметін атқарған. Азамат Руслан Күлекбаевтың заңға қайшы әрекетіне тойтарыс беру кезінде Тимур Бегасыловқа оқ тиген. ЖМКА-ға полицей аса ауыр жағдайда түсті. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қалу үшін барын салып күресті», – делінген хабарламада. Полиция лейтенанты Бегасылов Тимур Тілеуұлы құқық қорғау органдарында 2015 жылдың қаңтарынан бастап қызмет еткен.
Еске сала кетсек, 18 шілдеде Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД ғимараттарына шабуыл жасалған болатын. Қазіргі уақытта Алматыда «Жедел ұстау» арнайы жоспары жарияланды. Шабуыл жасағандардың екеуі ұсталды», – делінген Алматы ІІД таратқан ақпаратта.
Жедел көмек ауруханасында 4 адам, оның ішінде 3 адам жан сақтау бөлімінде, 1 адам хирургиялық бөлімде ем алуда. Орталық қалалық клиникалық ауруханасында жатқан 2 адам жан сақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Ауруханалар керекті дәрілік заттармен толыққанды қамтамасыз етілген.
Қазір Алматыда террорлық қауіптің «қызыл деңгейі» алынып тасталды.

Back to top button