Қазақстандағы педофилдер жайлы деректер жарияланды

Балалар мен жасөспірімдерге зорлық көрсеткен қаскөйлер туралы мәлімет infoPublic.pravStat.kz сайтына жарияланған.

Қылмыскерлердің жеке басына, қылмыс жасаған мерзімі мен аймағына қатысты ақпарат Бас прокуратураның құқықтық статистика және есепке алу комитетінде тіркеледі. Құқық қорғаушылар сақтық үшін ата-аналарға мәлімет картасын қарап шығуды ұсынады.

Статистикаға сүйенсек, 2019 жылы Қазақстан бойынша 1,5 мыңдай педофил мен 2800-ден аса зорлықшы есепке алынған. Ал қазір республикалық түзеу мекемелерінде жасөспірімдерге сексуалдық сипатта зорлық көрсеткен 1600-дей адам жазасын өтеуде.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендер 20 жылға дейін немесе өмір бойына сотталатынын айтқан еді.

Back to top button