Қазақстанда қарақұйрықты сақтау жобасы қолға алынды

Сондай-ақ!

Мұрағат қызметкерлерінің жалақысы өседі

Ол үшін 2,8 млрд теңге бөлінген. Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық архив қорын қалыптастыру мен сақтау үшін жүргізіліп жатқан шаралар туралы тоқталып өтті. "Үкімет заманауи мұрағат қызметінің...

Ақтау: жаңажылда қаланы былтырдан қалған шыршалармен безендірмек

Биыл Ақтау көшелерін безендіріп, жаңажылдық шыршаны орнатуға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, - деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Мерекелік декорацияға былтырдан қалған шыршалар мен...

Apple компаниясының жаһандық қауіпсіздік жөніндегі басшысы пара алды деп айыпталды

Ол 4 жасырын қару лицензиясын жалпы құны 70 мың доллар болатын iPad-тарға алмастырмақ болған деген күдікке ілінді. Калифорниядағы құзырлы органдар Apple компаниясының жаһандық қауіпсіздік басшысы...

Қайрат Нұртастың әйелі «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Қазақстанның атынан «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады. «Биыл «Әлем Ханымы-2020» – «Миссис Вселенная» байқауында Қазақстанды таныстырамын....

Соңғы жылдары Қазақстандағы қарақұйрықтың саны 90 пайызға азайған. «SOS қарақұйрық» жаңа жобасы елдің оңтүстігінде сүтқоректілердің осы түрін сақтау шарасын күшейтуге көмектеспек. Бұл туралы Қазақстанның биологиялық саналуандықты қорғау қауымдастығы хабарлады. 

«SOS қарақұйрық» жобасы IUCN save our Species бағдарламасы бойынша Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) қолдауымен Қазақстанның биологиялық саналуандықты қорғау қауымдастығы арқылы іске асырылуда.

Мақсаты – жойылып бара жатқан сүтқоректілер мен олардың мекендейтін ортасын ұзақ мерзімге сақталуын қамтамасыз ету. Жоба аясында даладағы зерттеулер, қарақұйрықтарға GPS бау байлау және сол арқылы оларды бақылау, жергілікті халықпен жұмыс, сондай-ақ қарақұйрықтарды сақтау үшін қосымша шаралар әзірлеу қарастырылған.

«Қазақстанда алғаш рет есепке алудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып, қарақұйрықтардың санын кешенді анықтау жүргізіледі. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Түрікменстан шекарасындағы қоршаулар жануарлардың көші-қонына қалай әсер ететінін анықтау жоспарланып отыр. Кешенді жұмыс 2021 жылдың күзіне дейін жалғасады», делінген қауымдастық сайтында.

Қарақұйрық (Gazella subgutturosa) – айыр тұяқты сүтқоректі аң, Қазақстаның оңтүстік аймақтарында таралған. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Халықаралық «Қызыл» тізімде жойылып бара жатуына байланысты «Қатерлі» (VU) деңгей белгіленген. 2015 жылғы мәліметтерге сәйкес, олардың саны елімізде бір кездері 200 мыңға дейін жеткен. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 13-15 мыңға дейін кеміген.

«SOS қарақұйрық» жобасы Жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау туралы конвенцияның (Бонн конвенциясы) IUCN Save our Species бағдарламасының 2019 жылы қабылдануы арқылы іске асырылды. Бағдарлама Орталықазиялық сүтқоректілердің бастамасына (CAMI) қолдау білдіретін Орталық Азия аймағы үшін жасалған. Жоба IUCN Save Our Species бағдарламасы арқылы қаржыландырылады.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
Марадона

Марадонаның өліміне дәрігері себеп болуы мүмкін – ВВС

Аргентина билігі Диего Марадона дәрігері Леополдо Лукаға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды...
мұрағат

Мұрағат қызметкерлерінің жалақысы өседі

Ол үшін 2,8 млрд теңге бөлінген. Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық архив қорын қалыптастыру...
шырша

Ақтау: жаңажылда қаланы былтырдан қалған шыршалармен безендірмек

Биыл Ақтау көшелерін безендіріп, жаңажылдық шыршаны орнатуға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, -...
Apple

Apple компаниясының жаһандық қауіпсіздік жөніндегі басшысы пара алды деп айыпталды

Ол 4 жасырын қару лицензиясын жалпы құны 70 мың доллар болатын iPad-тарға...
Қалқаман Сарин

Қалқаман Сарин: шетелдегі қандастарға ана тілді үйрету арқылы көмектесе аламыз (видео)

https://www.youtube.com/watch?v=kpBIsawEmfU&feature=youtu.be&ab_channel=TurkistanInternationalPoliticalWeekly Видео авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...