Жаңалықтар

Чили тұрғындарына зейнетақы қорындағы қаржының 10 пайызын алуға рұқсат берілді

ашық дереккөзі

Чили тұрғындарына зейнетақы қорындағы қаржының 10 пайызын алуға рұқсат берілді

Чили азаматтарына зейнетақы қорына салған қаржысының бір бөлігін алуға рұқсат берілді. Бұл –  пандемия салдарынан қиындыққа тап болған ел тұрғындарын қолдау мақсатында қабылданған шешім.   Мемлекет басшысы Себастьян Пиньера қол қойған заңға сәйкес, тұрғындар зейнетақы қорына жинаған қаржысының 10 пайызын ала алады. Мамандардың айтуынша, бұл қаржыдан 11 миллион адам үмітті. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, Чилиде пандемия басталғалы 343 мыңнан аса адам індет жұқтырған. Мемлекет коронавирус жұқтырғандар саны жөнінен әлемде сегізінші орында. Елде қатерлі вирустан 9020 адам көз жұмған. Айта кетейік, соңғы тәулікте Қазақстанда 1494 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 81 мыңнан асты. 51 мыңнан аса адам емделіп шықты. Дерті асқынған 585 науқас қайтыс болды.