СOVID-19: жазылып шыққандар саны 63% көбейді

Қазақстанда COVID-19 пен пневмониядан жазылып шыққандар саны 63,8 пайызға жетті, – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

«COVID-19 жұқтырудың тәулік бойғы өсімі 4 пайыздан 2,1 пайызға дейін төмендеді. Жедел жәрдем шақыру саны – 35%, коронавирус инфекциясы бойынша шақырулар 37 пайызға қысқарған», – деп хабарлады министрлік Telegram желісінде.

Сонымен қатар, жансақтау бөліміндегі жүктеме де 73 пайыздан 57% дейін түскен. Провизорлық және жұқпалы аурулар стационарларындағы жүктеме 54% азайды. Ал жазылып шыққан қазақстандықтар саны 63% көбейген.

Back to top button