«Қазпошта» акционерлік қоғамына жаңа басшы тағайындалды

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының шешімімен Қанат Алпысбаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

«Бұған дейін Қанат Алпысбаев «Самұрық-Қазына» қорының логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған, 2008-2018 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын бітірген», – деп хабарлады қордың қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті.

Бұған дейін «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған Сәкен Сәрсенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Back to top button