Бурабайда қоқыс өңдейтін зауыт салынады

Бурабайда қоқыс өңдейтін зауыт салынады

Бурабайда қоқыс өңдейтін зауыт салынады
ашық дереккөзі
Ақмола облысы Бурабай ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының жетекшісі Әділет Рахымжанов жыл соңына дейін Бурабай ауданы, демалыс орны және Щучинск елдімекенінен шығатын қоқыс-қалдықты өңдейтін зауыт салу жоспарланып отырғанын айтты. «Зауыт инвестордың есебінен салынады және ол үшін 200 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалмақ. Зауыт қоқысты тазалап қана қоймай, оны сұрыптап, өңдейді», – деді ол. Коммуналдық шаруашылық басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Бурабайдағы қоқыс полигонында 60 мың текше метр қоқыс жатыр.