Бурабайда қоқыс өңдейтін зауыт салынады

Ақмола облысы Бурабай ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының жетекшісі Әділет Рахымжанов жыл соңына дейін Бурабай ауданы, демалыс орны және Щучинск елдімекенінен шығатын қоқыс-қалдықты өңдейтін зауыт салу жоспарланып отырғанын айтты.

«Зауыт инвестордың есебінен салынады және ол үшін 200 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалмақ. Зауыт қоқысты тазалап қана қоймай, оны сұрыптап, өңдейді», – деді ол.

Коммуналдық шаруашылық басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Бурабайдағы қоқыс полигонында 60 мың текше метр қоқыс жатыр.

Back to top button