Партиялықтар Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы ауруханаға 6 оттегі аппаратын табыстады

Партиялықтар Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы ауруханаға 6 оттегі аппаратын табыстады

Партиялықтар Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы ауруханаға 6 оттегі аппаратын табыстады
ашық дереккөзі
Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы ауруханаға аудандық «Jas Otan» ЖҚ және еріктілердің демеушілігімен «OZ-5 Рестор» атты 6 оттегі аппаратын табысталды. Табыстау рәсімін аудандық жастар ресурстық орталық директоры, аудандық «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Айбек Ілебаев тапсырды. Бұған дейін партия мүшелері – Сұлтанғазиевтер әулеті Шелек ауылында орналасқан ауруханаға 1,1 млн теңгеге 2 дана оттегі аппаратын тапсырған болатын.  width= Жалпы Алматы облысында медицина саласына үлкен қолдау көрсетілуде. Осы уақытқа дейін, партиялықтар мен жасотандықтар дәрігерлерге қымыз шұбат беру шарасын өткізді, қазірдің өзінде облыстық ұйым 200 литрден астам қымыз бен шұбат тапсырды. Сонымен қатар, басқа аудандарда да оттегі концентраторларын табыстау жалғасуда.