Қоршаған ортаны ластағаны үшін салынатын айыппұл көлемі арттады

Қоршаған ортаны ластағаны үшін салынатын айыппұл көлемі арттады

Қоршаған ортаны ластағаны үшін салынатын айыппұл көлемі арттады
ашық дереккөзі
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қоршаған ортаны қорғау мен оны ластаушыларға қарсы бірқатар күрес шараларын қолға алды. Бұл жөнінде экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов айтып берді. «Адамдарды қоршаған ортаны қорғау мен ластамауға шақырудың екі жолы бар. Ең алдымен азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру –табиғатты таза ұстау бағытындағы түсіндіру жұмыстары. Ол үшін біз арнайы бірнеше тармақтан тұратын жадынама әзірледік. Бұл жұмысқа волонтерлерді тартамыз және бұл шара республика көлемінде жүзеге асырылады. Табиғат тазалығын сақтау мен адамдарды қоқыс тастамауға үйретудің екінші тәсілі – айыппұл салу. Бүгінде қоршаған ортаны ластағаны үшін салынатын айыппұлдың көлемін арттыруға қатысты тиісті шаралар қабылданып жатыр. Одан бөлек, бізде табиғат тазалығын қорғау мен сақтауға бағытталған түрлі экологиялық акциялар ұйымдастыру жоспары бар. Оған сәйкес халық ішінде әсіресе демалушылар арасында қоқыс қалдырмау керегін ескертетін шаралар мен демалушыларға жағдай жасау бағытындағы жұмыс жүргізіледі. Одан бөлек, біздің министрлік экологиялық заңнамаға толықтырулар мен өзгерістер енгізуді қолға алды. Ол дегеніміз қоршаған ортаны қорғауға қатысты шараларды қатаңдатамыз деген сөз. Бұл – Президенттің тікелей тапсырмасы», – дейді З.Жолдасов. Комитет басшысының айтуынша, халықтың экологиялық мәдениетін арттыру жұмыстарына белгілі экологтармен қатар, қоғам белсенділері тартылады. «Өздеріңіз білетіндей, қоқыспен күрес мақсатын көздеген республикалық рейд басталды. Оның барысында қоқыс мәселесін шешумен қатар, кінәлілерді жауапқа тартамыз. Қазір бізде Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 505-бабы бар, сол арқылы ішкі істер органдары абаттандыру бойынша жазалай алады. Ал Қылмыстық кодекстің 343-ші бабына сәйкес жеке тұлғаларға қоқыс қалдырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Яғни, азамат қоқыс тастаған немесе табиғатты ластаған жағдайда ол үшін ескертуден бастап 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді», – деді ол.