42 500 теңге: 1,7 миллион адамға төлем тағайындалды

42 500 теңге: 1,7 миллион адамға төлем тағайындалды

42 500 теңге: 1,7 миллион адамға төлем тағайындалды
ашық дереккөзі
25 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,1 млн-ға жуық өтініш қабылданды. Төлем 1,7 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 676 мың қазақстандыққа аударылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өтінім бірнеше арна арқылы қабылданады. 2 миллионнан астам өтінімнің ішінде:
  • 804,4 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
  • 521,1 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
  • 249,4 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
  • 524,5 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санат бөлінісінде:
  • 804,4 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
  • 150,2 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
  • 1 млн 144 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.