2100 жылға қарай ақ аюлар жойылып кетуі мүмкін

Ақ аюлар 2100 жылға қарай жер бетінен жойылып кетуі мүмкін,  деп жазды «Nature Climate Change» журналы. 

Ғалымдардың айтуына қарағанда, егер көмірқышқыл газдарының атмосфераға шығындары азаймаса, полярлық аюлар 2100 жылға қарай жер бетінен жойылып кетуі мүмкін. 

«Nature Climate Change» журналында жарияланған сараптамаға сәйкес, әлемдегі полярлық аюлардың 19 түрінің 13-і зерттелген. Нәтижесінде 2040 жылға таман көптеген ақ аюларда репродуктивті жетіспеушіліктер пайда болады. Қазіргі күнде Шпицбергеннің мұзды ландшафттарынан бастап Норвегия, Канададағы Гудзон шығанағына дейін және Канада мен Аляска, Сібір арасындағы Чукотка теңізіне дейінгі 19 аймақта жалпы шамамен 26 мың полярлық аю тіршілік етуде. Олар көп жағдайда құрлықтан азық таба алмай мұздықтардан қоректенеді. Климаттың өзгеруі аюлардың тіршілік ортасына қатты әсер етіп отырғаны мәлім болған.

Ғалымдардың есептеуінше, атмосфераға көмірқышқыл газдарының әсер ету деңгейі азайған жағдайда да ғасыр соңына қарай бірнеше жануар түрі жойылады. Бұл проблемалардың көп бөлігі 2080 жылға қарай байқала бастайды дейді.

Back to top button