Халықаралық суасты станциясы салынады

Халықаралық суасты станциясы салынады

Халықаралық суасты станциясы салынады
ашық дереккөзі
Суасты дүниесінің зерттеушісі, әйгілі океанограф Жак-Ив Кустоның немересі Фабьен Кусто Халықаралық суасты станциясын құрмақ. «CNN» таратқан хабарға сүйенсек, Фабьен Кусто дизайнер Ив Беар мен бірге аумағы 1,2 шаршы шақырымды құрайтын екі қабатты «Proteus» нысанын Кариб теңізінің «Кюрасао» аралы жағалауына салуды жоспарлаған.Төрт жасынан бастап атасы Жак-Ив Кустомен бірге су астына сүңгіп, ондағы әлемнің қыр-сырын зерттеуді үйренген Фабьен атасының жолын жалғастыруды қалайды. Ол құратын су асты станциясы 18 метр тереңдікте орналасып онда шамамен 12 адам жұмыс атқарады. Оның құрылысына үш жыл уақыт және 135 миллион доллар қажет. Фабьен Кусто бұл жоба үшін қаржы толықтай инвесторлардың көмегімен жиналатынын айтып, олардың есімін атауды қаламаған. Бірақ серіктестер қатарында Массачусетс қаласындағы Солтүстік-шығыс университеті, Нью-Джерсидегі Ратгерс университеті және Кариб теңізіндегі Кюрасао аралында орналасқан коммерциялық емес ұйымдар бар екенін айтқан.