Ақтөбедегі партиялықтар дәрігерлерге медициналық киім-кешектер алып берді

«Nur Otan» партиясының Ақтөбедегі филиалдары дәрігерлерге қолдау білдіруде. Бүгін партиялықтар Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының жанынан ашылған провизорлық орталыққа медициналық киім-кешектер алып берді.

Орталықтың бас дәрігері, партияның қалалық филиалы саяси кеңесі мүшесі Ерлан Татимовтың айтуынша, штаттағы 707 адам қажетті киім-кешек, құрал жабдықтармен қамтылған. Ақ халаттылардың әрбірінде 4 медициналық киімнен бар. Алайда шын пейілмен көрсетілген қолдауға бәс дәрігер дән риза.

– Бізге нұротандықтар, жергілікті әкімшілік, меценаттар, мәслихат депутаттары және қарапайым қала тұрғындары жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр. Қазір орталықта 20 өкпені жасанды желдету аппараты, 180 Бобров аппараты, 60 оттегі концентраторы бар. Оттегі концентраторы екі адамды қамтитындықтан, аппараттар қазіргі ем алушылардың бәріне бірдей жетеді. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бірлесе атқарған жұмыстің нәтижесінде науқастардың саны екі есе азайды, – деді Ерлан Татимов.

500 орындық провизорлық орталық маусым айында ашылды.  Қазір мұнда 308 науқас пневмониядан емделіп жатыр. Оларға барлық жағдай жасалған. Науқастарға 4 мезгіл тамақ беріледі. Дәрі-дәрмектің бір айлық қоры алдын ала алынып отыр.

– Індетпен күрес жүргізудің алдыңғы шебінде дәрігерлеріміз жүр. Олар халықтың амандығын ойлап, көз ілеспес шапшаңдықпен таралып келе жатқан ауруды құрықтау үшін өз бастарын қатерге тігуде. Сол себепті оларға қорғаныш киімдерін алып келдік. Киім тозады, сондықтан да жаңасы артық етпейді. Біз жанымызға дауа, тәнімізге шипа іздеп, күні-түні еңбек етіп жүрген дәрігерлердің еңбегін бағалаймыз, – деді партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Жүсіпов.

Ақтөбелік партиялықтар осыған дейін Ақтөбе медициналық орталығы мен «Дару клиникасы» медициналық оңалту орталығы қызметкерлеріне иммунитет көтеретін азық-түлік апарып берсе, облыстық клиникалық инфекциялық аурухананың қызметкерлеріне ыссы тамақ ұйымдастырған. Барлық аудандық ауруханаларға оттегі концентраторларын алуға да нұртандықтардың қосқан үлесі мол. Оның ішінде облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» фракциясының мүшелері Тахталифум Есенгулов, Хайдар Ілиясов, Әсел Сарманова, Ақылбек Оралмағанбетов және тағы басқалары бар.

WhatsApp Image 2020 07 24 at 17.17.30

 

 

Back to top button