Партиялықтар елордадағы мұқтаж отбасыларға көмектесті
Партиялықтар елордадағы мұқтаж отбасыларға көмектесті
«Nur Otan» партиясының елордалық «Бiрлiк» филиалы қызметкерлері мен қала белсенділері пандемия салдарынан қиын жағдайға тап болған жергілікті тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетті.
Үш көпбалалы отбасы мен мүмкіндігі шектеулі балаларға дәрі-дәрмек,қорғаныс құралдары салынған қорапшалар, тұрмыстық заттар толтырылған себепттер, сондай-ақ кеңсе тауарлары мен тәттілер табысталды.
Алдағы уақытта көмекке мұқтаж жандарға тағы 7 медициналық қорапша жеткізу жоспарланған.