Нұротандықтар Жарқайың ауруханасына тағы үш оттегі концентраторын жеткізді
Нұротандықтар Жарқайың ауруханасына тағы үш оттегі концентраторын жеткізді
Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесі, «Жарқайың» ЖШС басшысы Виталий Камышанский аудандық ауруханаға үш оттегі концентраторын жеткізді. Аппараттарды сатып алуға 1,5 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген.
Екі оттегі концентраторы «Nur Otan» партиясы Жарқайың аудандық филиалының консультанты Әділ Нұрбеков негізін қалаған @jarkain.live инстаграм жобасының тобы жинаған қайырымдылық қаражаты есебінен алынса, үшінші аппарат Виталий Камышанскийдің өз қаржысына алынды.
«Бұл аппараттар науқастарға өте қажет. Енді біздің ауруханада 5 оттегі концентраторы бар. Бұл аппараттар өкпесі қабынып, оттегі жетіспеушілігінен жағдайлары қиындаған науқастарға көмектеседі», - деп аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Махамбет Досмұратов Жарқайың ауданының провизорлық стационарына көмек қолын созған жергілікті кәсіпкерлерге алғысын білдірді.
Бұған дейін ауданның провизорлық стационарындағы пневмонияға шалдыққан науқастар үшін екі оттегі концентраторы әкелінген болатын. Бұл – жергілікті кәсіпкер, «Пищепромторг» ЖШС жетекшісі Иван Поповтың сыйы. Аппараттардың әрбірі 528 мың теңгеге сатып алынған.