БҚО-да карантин кезінде той өткізген тоғыз тұрғын жазаланды

БҚО-да карантин кезінде той өткізген тоғыз тұрғын жазаланды

БҚО-да карантин кезінде той өткізген тоғыз тұрғын жазаланды
ашық дереккөзі
БҚО-да той өткізген тоғыз тұрғын айыппұл арқалады. БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, 15-22 шілде аралығында, бір апта ішінде 9 той өтіп, оған 20-дан 50-ге дейін адам қатысқан. Атап айтқанда, Теректі ауданы Федоров пен Абай, Жәнібек ауданы Борсы мен Жәнібек, Қаратөбе ауданы Қаратөбе мен Саралжын, Жаңақала ауданы Бірлік, Қазталов ауданы және Сырым ауданы Жымпиты ауылында той өткізілгені анықталды. Соның нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес жеке тұлғаларға әкімшілік хаттама толтырылып, 15 АЕК көлемінде (41 мыңнан астам теңге) айыппұл салынды. Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында той өткізген тұрғындарға 1,5 млн теңге айыппұл салынғанын хабарлағабыз. Әділет министрі Марат Бекетаев карантин кезінде той жасағандардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін екенін ескертті.