Ерлан Саиров: Праймериз – жастарға берілген тарихи мүмкіндік

Ерлан Саиров: Праймериз – жастарға берілген тарихи мүмкіндік

Ерлан Саиров: Праймериз – жастарға берілген тарихи мүмкіндік
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы жақтастары лигасының онлайн конференциясынан соң Саясаттанушы Ерлан Саиров жиында сөз болған негізгі мәселелерге тоқталды.  "Бүгінде ең негізгі мәселе – елдің ұйыстырып, қоғамды топтастыруға қабілетті идея табу. Бізге өзгеріс қажет екені анық, оны барлығымыз білеміз.  Пандемия еліміздегі мемлекеттік институттардың төтенше жағдайда жұмыс істеуге қабілеті төмен екенін көрсетіп берді. Осы олқылықтар мен кемшіліктерді жою үшін бізге эволюциялық өзгерістер қажет. Бірақ демократияға, плюрализмге деген заңды сұраныс ел шаңырағын шайқалтпауы керек. Осы ретте мен қазақта Қазақстаннан басқа мемлекет жоқ екенін және еліміздің басты байлығы оның азаматтары екенін мықтап есте ұстау керек екенін айтқым келеді. Менің ойымша, бұл ең негізгі аксиома болуы қажет", - деді саясаттанушы. Ерлан Саировтың пікірінше, праймериз еліміздегі эволюциялық өзгерістің алғышарты болуы ықтимал. "Негізінде праймериз бүгінгі біздің жастарға берілген таптырмас тарихи мүмкіндік. Праймериз арқылы жастар Мәслихатқа, Мәжіліске баруы керек. Бүгінгі таңда бізге нақты саяси, әлеуметтік лидерлер керек. Ал лидерлер осындай праймериз сияқты үлкен сайыста пайда болады. Праймериз облыстарда формалды түрде өткізілмей ме деген күдік те бар. Әкімдер өңірлерде өзінің билігін бергісі келмейді. Жергілікті мәслихат әкімдердің билігінің бір тармағы болып қалыптасқан. Егер облыстық мәслихатқа өз ойын еркін жеткізетін жанып тұрған жастар келетін болса, олардың әкімге әртүрлі сұрақтар қоюы да заңды. Жас буынның арасында елдің мәселесін көтеруге қабілетті, интеллектуалдық деңгейі жоғары азаматтар мен азаматшалардың шығуына мүмкіншілік жасау керек", - дейді ол. Плюралиям мен демократия ұлттық бірліктің негізі екенін атап өткен саясаттанушы қазақстандықтарды праймеризге қатысып, «Nur Otan» партиясының және еліміздің өзгеруіне үлес қосуға шақырды. Ерлан Саиров пікірінің толық нұсқасын мына сілтеме арқылы өтіп тыңдауға болады.