Елордадан шығатын жолдарға бекеттер қойылды

Елордадан шығатын жолдарға бекеттер қойылды

Елордадан шығатын жолдарға бекеттер қойылды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын жолдарға бекеттер қойылды. Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, ондағы мақсат - тұрғындарға демалыс орындарындағы автокөлік қозғалысы шектелгені туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу және сақтық шараларының орындалуын қадағалау. «Шектеу шаралары үнемі айрықша бақылауда болады. Коронавируспен күресу үшін елорда тұрғындары мен қонақтары жағдайға түсіністікпен қарап, суға шомылу маусымы өтіп жатқан демалыс орындарына, адам көп жиналатын орындарға бармауы қажет», - деді Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің басшысы Ғосман Жакин. Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысының аумағына 11 блокпост қойылғанын хабарлағанбыз. Бурабай ауданы ерекше бақылауға алынады, мұнда 6 пост бар, 7 мобильді топ жұмыс істейтін болады. Зеренді және Ерейментау аудандарының аумағы да жабылды. Мұндағы бақылау-өткізу пунктері Сайдалы және Самал көлдерінің жолдарында орналасқан.