Президент Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді

Президент Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді

Президент Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді
ашық дереккөзі
Президент Түркістан және Қарағанды облыстарындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. «Мемлекет басшысы Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы оқиғаларға байланысты Президент Әкімшілігінің басшылығымен, Түркістан және Қарағанды облыстарының әкімдерімен, құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өткізді. Дер кезінде қабылданған шешімдердің арқасында Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақталды. Тәртіпсіздіктің қайталануына ешқандай себеп жоқ» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында. Оның айтуынша, Президент жағдайды бақылауда ұстап, жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ел ішіндегі тұрақтылықты бұзуға талпынған арандатушылардың алдын алуды, құқық бұзушыларды заң аясында жауапкершілікке тартуды тапсырған. «Сонымен қатар ол аталған аймақтардағы халықтың ең басты әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне назар аудару керек екенін айтты. Ал құқық қорғау органдарына кәмелет жасына толмаған қызды зорламақ болды деген күдікпен ұсталған Сәтбаев қаласының тұрғынына қатысты тергеу жұмыстарын жан-жақты жүргізіп, оның қорытындысы туралы жұртшылыққа нақты ақпарат беру туралы тапсырма берді» деп атап өтті Президенттің баспасөз хатшысы.