Ресей қазақстандықтар үшін азаматтық алуды жеңілдетті

Ресейде шетелдіктердің азаматтық алуын жеңілдететін федералды заң күшіне енді. Бұдан былай өтініш берушіден бұрынғы азаматтықтан бас тарту талап етілмейді, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресей азаматтығын алуға өтінім беру кезінде КСРО азаматтығы бар, посткеңестік кеңістік елдерінде өмір сүрген және осы мемлекеттердің азаматтығын алмаған азаматтығы жоқ ересектер үшін Ресейде үш жыл болу және заңды өмір сүру көзін растау талабының күші жойылды.

Ресейде тұратын және некеде ортақ балалары бар Ресей Федерациясының азаматына үйленген шетелдіктерге және ата-аналарының бірі Ресей азаматтығы бар және Ресей Федерациясында тұратын шетелдіктерге қатысты да осы ереже қолданылады.

Молдова, Украина, Беларусь және Қазақстан азаматтары Ресейде тұру мерзімін сақтамай-ақ Ресей азаматтығына өтініш бере алады.

Сондай-ақ, Ресей жоғары оқу орындарын бітірген адамдар үшін Ресей Федерациясында жұмыс істеу мерзімі үш жылдан бір жылға дейін қысқарды.

 

Back to top button