42 500 теңге: 1,6 миллионға жуық адам әлеуметтік төлем алды

42 500 теңге: 1,6 миллионға жуық адам әлеуметтік төлем алды

42 500 теңге: 1,6 миллионға жуық адам әлеуметтік төлем алды
ашық дереккөзі
1,6 млн-ға жуық қазақстандыққа 42 500 теңге біржолғы төлем берілді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. «24 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем 1 млн 661 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 594 мың қазақстандыққа аударылды», делінген хабарламад а. МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады. 2 миллионнан астам өтінімнің ішінде: – 801,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді; – 499,4 мың адам Egov.kz порталы және Telegram-боттар арқылы; – 226 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы; – 494,3 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы мен интернет ресурстары арқылы өтініш берген. Азаматтардың санаттары бөлінісінде: – 801,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта); – 137,7 мың өтінішті жалдамалы қызметкері үшін жұмыс берушілер берді; – 1 млн 82 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар). Төлем 1 млн 661 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 594 мың қазақстандыққа аударылды. Айта кетерлігі, өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.