"Nur Оtan" Шымкенттегі дәріханалар жұмысына бақылау жүргізді
"Nur Оtan" Шымкенттегі дәріханалар жұмысына бақылау жүргізді
Шымкентте коронавирус індеті салдарынан карантиндық шараларын сақтау барысында коғамда және әлеуметтік желілірде дәрі-дәрмек тапшылығы, бағаның тұрақсыздығы туралы сын көп айтылуда.
Пандемия кезінде сұранысқа ие респираторлық витрустық ауруларды емдеуге арналған дәрілердің қала тұрғындарына қолжетімді бағада босатылуын қадағалау мақсатында "Nur Оtan" партиясы Шымкент қалалық филиалы «Сапалы өмір тынысы – қолжетімді дәрі» акциясын ұйымдастырды. Партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссия мүшелерінің қатысуымен мониторингтік топ құрылып, акциясы аясында қала аумағындағы дәріханалар мен провизорлық орталықтардың жұмысына бақылау жұмыстары жүргізілді.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы белсенділері бұған дейін де бұқаралық ақпарат құралдары және фармацевтикалық бақылау департаменті өкілдерімен бірге бірмаша дәріханалардың жұмысына бақылау жүргізіп, дәрі-дәрмек тапшылығы бар екеніне көз жеткізді.
«Zerde», «Europharma», «Мурат Фарм», «Фарм лайн» дәріханалар желісінде санитарлық гигеналық талаптардың дұрыс сақталмауы мен келушілерге арналған ара қашықты сақтайтын белгілер, санитайзерлер жоқ болып шықты.
Бірінші кезекте мониторингтік топ осы жағдайларға байланысты дәріхана меңгерушілеріне ескерту жасады.
Дәріхана меңгерушілерінің айтуынша, дәрі дүрелеңі басылып, халықтың жоғы түгелдене бастаған. Респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған дәрілердің басым көпшілі дәріхана сөрелерінде бар, табылмағандары болса құрамы бірдей басқа дәрілермен алмастырып алуына да болады дейді.
Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Абай Оспановтың айтуынша дәрілік заттарға және медициналық ұйымдарға 6195 дәрілік затқа бағалар бекітілген. Сол бағалар бойынша мониторинг жүргізіледі. Сонымен қатар, «Dari kz» деген бағдарлама арқылы бекітілген бағадан асып кеткен болса онда дәлелді құжаттарменен келіп шағымдануға болады.
– Бүгінгі таңда қалада дәрі тапшылығы жоқ. Дәріханалардың барлығында дәрінің бір түрі болмаса оның орнын алмастыратын дәрілер бар. Ал қажетті дәрі табылмаған жағдайда, алмастыратын дәрілерді алуға болады, - дейді Абай Оспанов.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов қала бойынша 4 мониторингтік топ 40 дәріханаға бақылау жүргізгенін айтты.
– Әр аралаған сайын, жағдайдың өзгергенін көріп отырмыз. Қазір 6 дәріхананы араладық, соның 1 еуінде ғана «парацетамол» бар. «Цитрамон» бар, «мерепонем» жоқ. Олардың орнын алмастыратын дәрілердің бағасы қымбат. Дәріханаларда соңғы 15-20 күнде оң өзгеріс бар. Бірақ бұл жүйелі түрде қадағалауды қажет етеді. Сондай-ақ дәріханаға аурудың ең көп шоғырланатын жері бұл жерде санитарлық талап қатаң сақталуы керек, - дейді Бахадыр Нарымбетов.