Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 15,4 миллионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 15,4 миллионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 15,4 миллионнан асып жығылды
ашық дереккөзі
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 15,4 миллионнан асты. Індеттен 632 мыңнан аса адам көз жұмды. Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі осындай. Індет жұқтырғандар саны бойынша көш бастап тұрған АҚШ-та коронавирусқа шалдыққандар саны 4 миллионнан асып жығылды. Науқастардың 144 мыңнан астамы көз жұмды. Екінші орында – Бразилия. Бұл елде 2,2 миллион адамнан індет анықталды. 84 мыңнан аса адам қайтыс болды. Қатерлі вирусты жұқтырғандар саны жөнінен әлемде үшінші орында тұрған Үндістанда пандемия басталғалы 1,2 миллионнан астам науқас тіркелді. Соңғы тәулікте елде 46 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды. Бұл – індет таралғалы тіркелген рекордтық көрсеткіш. Айта кетейік, Қазақстанда соңғы тәулікте 1687 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Елімізде індетке шалдыққандардың жалпы саны 78 мыңнан асты.