Үндістанда бір тәулікте 46 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

Үндістанда бір тәулікте 46 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

Үндістанда бір тәулікте 46 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
Үндістанда коронавирус індеті өршіп барады. Соңғы тәулікте елде 46 мыңға жуық адамнан қатерлі вирус анықталған. Бұл – пандемия басталғалы рекордтық көрсеткіш. Інет жұқтырғандар саны жөнінен әлемде үшінші орында тұрған мемлекетте 1,2 миллионнан астам адам коронавирусқа шалдыққан. Науқастардың 30 мыңға жуығы көз жұмды. Джонс Хопкинс университетінің дерегі осындай. Алайда  сарапшылардың пікірінше, шынайы статистика бұдан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Үндістанның Махараштра және Тамилнад штаттары мен Дели астаналық өңірі індеттен көп зардап шекті. Науқастардың 60 пайызы осы аймақтардың тұрғындары. Індеттің таралу қарқыны күшеюіне байланысты өңірлерде карантин қайта күшейтілді. Еске сала кетейік, бұған дейін Үндістанның Ассам штатында тұратын 2,7 миллионға жуық адам су астында қалғанын хабарлағанбыз. Бірнеше күн  тоқтаусыз жауған жауын-шашын салдарынан Брахмапутра өзені мен оның салаларындағы су деңгейі күрт көтерілген. Гувахати қаласында Брахмапутра өзенінің деңгейі қауіпті мөлшерден 49,68 метрге асып кетті.