Жасотандықтар дәрігерлерге қуаныш сыйлады

Бұқар Жырау ауданында өткен «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясына Парламент Мәжілісінің депутаттары Бижанова Гүлнара Қадыржанқызы және Олейник Василий Иванович қосылды.

Медициналық қызметкерлерді қолдау акциясын «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты мен өңірдің меценаттары, белсенді партиялықтар ұйымдастырды.

WhatsApp Image 2020 07 23 at 22.58.33

Короновирустық инфекциямен күресу кезеңінде ауылдық провизор орталықтары да қиын жағдайда болды. Бірінші кезекте бұл жергілікті жерлерде дәрігерлердің жетіспеуі.

WhatsApp Image 2020 07 23 at 22.58.30

Мамандықтарының қиындықтарына қарамастан, барлық медицина қызметкерлері тәулік бойы әр минут сайын дәрігерлердің көмегіне мұқтаж адамдардың жанында болды.

Ауданның медицина қызметкерлері арнайы алғыс хаттармен марапатталып, сыйлық пакеттері табысталды.

WhatsApp Image 2020 07 23 at 22.58.34

Back to top button