Ақмола облысы аумағына 11 блокпост қойылады

Ақмола облысының аумағына қайтадан блокпостар қойылды. 

Облыстық ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату үшін 24 шілде күні 00:00-ден бастап аймақта шектеу шаралары күшейтілді.

Бурабай ауданы ерекше бақылауға алынады, мұнда 6 пост бар, 7 мобильді топ жұмыс істейтін болады.

Зеренді және Ерейментау аудандарының аумағы да жабылды. Мұндағы бақылау-өткізу пунктері Сайдалы және Самал көлдерінің жолдарында орналасқан.

Жалпы, облыс аумағында ертеңнен бастап 11 блокпост пен 10 мобильді топ жұмысқа кіріседі. Онда тәртіптің сақталуын 100-ге жуық полиция қызметкері қадағалайтын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қапшағайдағы демалыс орындары 2 тамызға дейін жабылатынын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ, ШҚО Үржар ауданы бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша Алакөлдегі демалыс орындарының жұмысы да уақытша тоқтатылды.

 

Back to top button