Ақмола облысы аумағына 11 блокпост қойылады

Ақмола облысы аумағына 11 блокпост қойылады

Ақмола облысы аумағына 11 блокпост қойылады
ашық дереккөзі
Ақмола облысының аумағына қайтадан блокпостар қойылды.  Облыстық ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату үшін 24 шілде күні 00:00-ден бастап аймақта шектеу шаралары күшейтілді. Бурабай ауданы ерекше бақылауға алынады, мұнда 6 пост бар, 7 мобильді топ жұмыс істейтін болады. Зеренді және Ерейментау аудандарының аумағы да жабылды. Мұндағы бақылау-өткізу пунктері Сайдалы және Самал көлдерінің жолдарында орналасқан. Жалпы, облыс аумағында ертеңнен бастап 11 блокпост пен 10 мобильді топ жұмысқа кіріседі. Онда тәртіптің сақталуын 100-ге жуық полиция қызметкері қадағалайтын болады. Айта кетейік, бұған дейін Қапшағайдағы демалыс орындары 2 тамызға дейін жабылатынын хабарлағанбыз. Сондай-ақ, ШҚО Үржар ауданы бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша Алакөлдегі демалыс орындарының жұмысы да уақытша тоқтатылды.