Германиядағы такси жүргізуші қазақ қандастарға қайырымдылық жасап жүр

Сондай-ақ!

Түркістан әуежайы тексерістен өтті

Түркістан халықаралық әуежайы алғаш рет әуеайлақтың жарамдылық сертификатын алды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, тексеру кезінде әуежайдың техникалық базасы...

Назарбаев және Араб әлемі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күніне орай Әбу Дабиде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кітаптың араб тіліндегі аудармасы жарық көрді. «Молодая гвардия» баспасында тұңғыш рет...

Әлия Назарбаева Facebook желісіне тіркелді

Қоғам қайраткері Әлия Назарбаева Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. «Бұл бағыты мен тақырыптары Instagram-нан бөлек алаң екенін түсінемін....

Жастардың назарына: тұрғын үйге өтініш қабылданады

1-6 желтоқсан аралығында елорданың жұмысшы жастарына сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтініштер қабылданады. Бағдарламаға қатысу үшін https://qatysu.zhilfond.kz/index.php порталы арқылы өтініш беруге болады. «Өтініш беру...

Қайырымдылық секілді қадірлі іспен шұғылдану үшін қалтаңның қалың болуы міндетті емес. Мұны өз іс-әрекетімен дәлелдеп жүрген қандасымыз Илкей Ясин Бозкұрт кө­мекке мұқтаж талай қазақтың жоғын түгендеп, еңсесін тіктеп жүр­генін бірі білсе, бірі біле бермейді. Түркияда туып-өскен, қа­зіргі таңда Германияда такси жүргізушісі болып жұмыс іс­тейтін ол қиырдағы қазақтарға, соның ішінде Моңғолиядағы же­тім балалар мен тұрмысы төмен қарт кісілердің жағдайын жақ­сартуға барын салып жүр. Еуропа қазақтарының басын қо­сып, қайырымдылыққа үндеп жүрген Илкеймен арнайы ха­барласып, әңгімеге тартқан едік.

– Сұхбатымызды өзіңіз жайлы әң­гімеден бастасақ. Қайда ту­дыңыз, Германияда тұрып жатқа­ныңыз­ға қанша уақыт болды?

– Мен – кезінде Қытай үкіметінен те­пе­ріш көріп, ақырында Алтайдан Пәкі­стан­­ға үдере көшкен, кейіннен Түркияға қо­ныс аударған қазақтардың ұрпағымын. Түр­кияда дүниеге келіп, осында өсіп-өн­дім, бірақ соңғы жиырма жыл Гер­ма­ния­ның Кельн қаласында тұрып келемін. Мұн­да такси жүргізуші болып жұмыс істеп ке­ле жатқаныма да сонша уақыт болды. Әкем Махмұт пен анам Зүбәйдә Түркияда тұ­рады. Өзімнен кейін екі інім бар, ор­тан­шысы Голландияда, ал кенже інім Қа­зақ­станда тұрады. Десек те, өзімді ата-әжемнің бала­сымын деп айтар едім, себебі ата-анам үнемі жұмыста болғандықтан, үлкен кі­сілердің тәрбиесінде болдым. Жеке от­ба­сы­ма тоқталсам, жұбайымның есімі – Ди­на. Германия қазағы. Кезінде Түркияға де­малысқа келген уақытында танысып, кейін отбасын құрдық. Бүгінде екеуміздің Атабек, Мұ­са есімді екі ұлымыз бен Әсел есімді қы­зымыз бар.

Германиядағы такси жүргізуші қазақ қандастарға қайырымдылық жасап жүр

– Жиырма жыл бойы такси жүр­гізуші қызметін атқара жүре, қо­сымша қайырымдылықпен ай­на­лысу идеясы қайдан туындады?

– Тарихқа үңілсеңіз, Алтайдан қу­даланған қазақтар көш ке­зінде он мыңдаған кісі аш қа­лып, суықта тоңып, орта жо­лда жан тәсілім еткен. Бі­рінің баласы қалып кет­се, екіншісі бауы­ры­нан көз жазып қал­ған. Атам мен әжем осы көштің сал­дарын кішкен­тайым­­нан құлағыма құйып, көрген қиын­шылықтарын еске са­лып айтып отыратын. Осылайша, ол кісілер бойымызға мейірімділік пен жанашырлықтың дәнін егіп кетті. Мұнымен қатар Түркияға табан тіреу тарихымызбен таныс болуымызға септігін тигізді. Германияда жүрсем де, апаларымның айтқаны есімнен кетпей, ата-бабаларым жүріп өткен жерге бір рет те болса барайын, тынысымен тыныстайын деп шештім. Мұнымен қоса, сол жақта туыстарымыз да бар. Сөйтіп жүргенде Моңғолия жерінде қалған бауырластарымыздың жағдайы нашар екенінен хабардар болдым. Осыдан алты жыл бұрын құрбан айт мерекесі кезінде кіші бауырымыз екеуміз Баян-Өлгей өлкесіне бірінші рет барып, нәтижесінде мұндағы қазақ балаларының тұл жетім екенін, үлкен кісілердің кедей тұратынын көрдік. Бастапқыда тек құрбан шаламын да қайтамын деп ниеттеніп барғанмын. Алайда, мұндағы бауырластарымның мүшкіл халін көріп, көңілім құлазыды. Балаларға кәмпит бергенімде қалай қуанғанын көрсеңіз ғой. Сөйтіп, ойлана келе бұған немқұрайлы қарамай, бірдеңе істеу керек екенін ұғындым. Оның үстіне Түркияда жағдайымыз жақсы бола тұра, Моңғолияда осындай күй кешіп жүрген қандастары­мыздың, әсіресе кішкентай қыздардың өміріне алаңдамау мүмкін емес. Әйтпегенде Германиядағы жағдайым жақсы еді, бір жылда төрт-бес мемлекетті аралап, тек отбасымды ойлап, бейқам жүретінмін. Алайда  Құдай маған қайырымдылық істі қолға алып, сан мыңдаған адамның тұрмысын түзеуге себепкер болуды бұйыртып тұр екен.

– Түрік журналистеріне берген бір сұхбатыңызда қайырымдылыққа қор жинауға әріптестеріңіз, яғни өзге такси жүргізушілері себеп болғанын айтыпсыз. Германияда жайлы ортада өмір сүретін әріптестеріңіздің қолайсыз жағдайда күнелтіп жүрген бауырластарыңызға көмек қолын созуға қалай жұмылдырдыңыз?

–Біз, яғни такси жүргізушілері бір-бірімізді танимыз. Бір күні әуежайда кезекте тұрғанда қасымдағы жүргізушілерге «Моңғолияға барамын, құрбан шаламын, ет таратамын, көмек беремін» деп айттым. Сосын Ялуз есімді бір досым «Жаңа бір клиент көлігімде екі еуро түсіріп алыпты. Осыған Моңғолиядағы балаларға кәмпит болса да бірдеңе алып бер» деп әлгі ақшаны қолыма ұстатты. Мұны көрген тағы бір такси жүргізуші досым көлігіне түсіп қалған бес еуроны қосып берді. Тағы бір досым «Мен мұны босқа құртып тастаймын. Одан да бір балаға болса да көмегім тисін» деп он еуро ұсынды. Сосын бірде балаларға тәтті өнім алғым келіп, кәмпитті бөлшектеп сататын зауытқа барғанымда, мұндағы қызметкерлер сонша келі кәмпитті сатып алуымның себебін сұрап, ақырында кәмпитімен қоса, өз қалталарынан қаражат қосып берді. Жалпы, мен түнгі уақытта жұмыс істеймін. Сол кезде  бар, кафе, клубтан шыққан жағдайы жақсы кісілерге бірінші барғанда түсіріп алған видео, суреттерді көрсетемін. Арасында адамгершілікті бәрінен жоғары қоятындар бірден келісе кетіп, көмек қолын созады. Осылайша тиыннан тебен құрап, қайырымдылық істі дөңгелетіп жүргеніме биыл жеті жылдың жүзі болды. Қазіргі таңда тек Моңғолия емес, сонымен қатар Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Босния және Герцеговина, сосын әлбетте Түркиядағы мұқтаж жандарға көмектесетін деңгейге жеттік.

– Бастапқыда сізді белгілі бір ұйымның жетекшілігімен айналысып жүрген болар деп ойладым. Кейіннен ешбір қайырымдылық ұйымдарына жүгінбей, өз бетіңізбен шұғылданып жүргеніңізді естіп таңғалғанымыз рас. Қайырымдылықты ұйымдастыру уақыттан бөлек, қаншама қажыр-қайратты қажет етеді ғой, өзіңізге қиынға соқпай ма?

– Иә, мен ешкімге тәуелді емеспін, тұрақты кеңсем де жоқ. Бар болғаны – атқарған жұмысымды әлеуметтік желілерге жариялап отырамын. Жоғарыда айтқанымдай, барған сайын түсіріп алған видеолар мен суреттерді Германиядағы мұсылмандарға көмек көрсететін қоғамдарға арнайы кіріп, көрсетемін. Сөйтіп, сол қоғамдардың көмегімен бес жүз балаға ай сайын берілетін стипендия тағайындалды. Мұнымен қоса, балалардың жоғары білім алуын қадағалап, Түркияға оқуға түсуге септігімізді тигізіп жатырмыз. Сосын, өзіңіз білетіндей, Еуропада тұратын қазақтар көп. Оларға: «Бауырлар, сыртта жүрсек те, барлығымыздың жағдайымыз жақсы. Аш емеспіз. Десек те, аталарымыздың ұрпақтары, туыстары жетім, әлеуметтік жағдайы төмен. Оларға көмек көрсету –  біздің парызымыз, себебі олар бізге ата-бабаларымыздан аманат» деп үндеу тастадым. Нәтижесінде көпшілігі аянып қалмай, көмек қолын созды. Бұдан бөлек, Германия, Франция, Швеция, Швейцария, Голландия, Англияда тұратын қазақ әйелдері жиналып, қаражат жинап,бұл жинағандарын маған тапсырып отырады, мен мұның барлығын үлестіремін. Жалпы, мен бір орында тұрмайтын адаммын. Такси жүргізуші болған соң, ары-бері көп жүремін, тиісінше таныстарым да көп. Бұдан бөлек, семинарлар, конференциялар өткізіп тұрамын. Мұнымен айналысып жүргеніме көп уақыт болғандықтан, барлығы маған сенеді, көмегін аямайды.

– Бүгінде сіздің мұрындық болуыңызбен Моңғолияда тек қазақ балалары үшін екі жетімдер үйі ашылыпты, әрі бұл екеуі де қыз балаларға арналған екен…

– Неліктен тек қыздарды қамқорлығыңызға алдыңыз деп сұрағыңыз келсе, қыздар нәзік жаратылыс, оның үстіне ол жақта қыздарды ерте жастан тұрмысқа беру, зорлық көрсетуге қатысты жайттар көп екен. Сол себепті қыз балаларды қорғап қалу үшін ең алдымен оларға арналған жетімдер үйін тездетіп ашуды көздедік. Біреуінде тек жетім қыздар тұрып жатыр, екіншісінде не әкесі, не анасы жоқ, сонымен қатар тұрмысы төмен отбасылардың қыздарын орналастырдық. Ер балаларға арналған жетімдер үйі де салынып жатыр қазір.

– Баян-Өлгейде ата-аналарынан жастайынан айырылған балалармен қатар, егде тартқан қарт кісілерге де көмектеседі екенсіздер…

– Иә, бізді көрсе тек жетімдер емес, сонымен қатар үлкен кісілер де ерекше қуанады. Кейбірінің ешкімі жоқ, ал енді бірін балалары тастап кеткен немесе мүгедек балалары болғандықтан өздеріне де, балаларына да қарай алмайды. Сосын өз үйі болса да, жағдайы жоқ отбасыларға жәрдемдесуге тырысамыз. Көбінесе керек-жарақпен қамтамасыз етеміз. Біреуінде киім, енді бірінде тамақ жоқ, келесі бірі есік-терезесі сынған немесе көмір-отыны жоқ үйде тұрады. Ойлай беріңіз, -45 градус аязда мұндай үйдің ішінде жылыну мүмкін емес. Бірде қыста көмір таратуға барсам, бір қазақ әйел «бойыма бала біткен еді, үйдің іші суық, көмір жоқ болғандықтан, іштегі баламнан айырылып қалдым» деп жылап тұр. Сол себепті мейлінше суық жерлерге жылу жеткізуді қолға алып жатырмыз.

Германиядағы такси жүргізуші қазақ қандастарға қайырымдылық жасап жүр

– Моңғолияға жалғыз бармай, бір топ қазақтармен баратыныңызды байқадым. Олар кімдер? Еріктілер ме?

– Иә, жалғыз бармауға тырысамын. Жалпы, бір барғанда он бес кісі ертіп апарып жүрмін. Бірінші барғанда кенже інімді ертіп апардым. Екіншісінде Еуропада туып-өскен жас қазақ жігіттерді алып бардым. Мұндағы мақсатым – оларды қазақ бауырлары, дәстүрі, тілімен жақыннан таныстыру. Сырт жақта өскен соң, олардың арасында өздерін қазақ деп есептемейтін, қазақ тілін білмейтіндер көп. Сөйтіп, Еуропа қазақтарының басын жинап «Балаларыңды менімен ертіп жіберіңдер. Ата-бабаларымыздың келген жерін көрсін, білсін. Жағдайы жақсы, уайымы жоқ болса да, әлемнің бір бұрышында осылай қиын күн кешіп жүрген бауырлары бар екенін көрсін! Қазақ екенін сезінсін!» деп, балаларын сұрап алып, ертіп алып барғанмын. Айта кетерлігі, жастардан бөлек, әйелдерді де апарамын. Себебі мен қанша ауызша айтқаныммен, өз көзімен көріп, қолмен ұстаған адамның жанашырлығы басқаша болады. Мұны былтыр үлкен ұлым Атабекті ертіп апарғаннан байқадым. Осы шаруамен айналысқан алты жылдың ішінде құрбан айт мерекесінде үйде отырмай, қайырымдылықтың қамымен сыртта жүремін. Сосын балаларым, әсіресе үлкенім «Рамазан айында жыл сайын үйде болмайсыз, бізді мешітке апармайсыз» деп ренжіп жүрген болар деп, өткен жылы Моңғолияға апардым. Мұндағы жағдайды өз көзімен көрген ұлым: «Әке, ренжімеңіз, сізді енді түсінгендеймін. Енді айт мерекесін бізбен бірге өткізбесеңіз де ренжімеймін!» деп жылап, жүрегі ауырды. Сосын жыл сайын барғысы келетінін айтып, қазіргі кезде балаларға сыйлық алу үшін өз бетінше ақша жинап, сыйлық ойластырып жүр. Жалпы, менің балаларым жоқшылықты көріп өспеген. Десек те, осы іспен шұғылданғалы мейірімділіктің мәнін түсінгендей.

– «Обалды біліп өссең, сауапқа кенелесің» деп бекер айтпаған-ау…

–Иә, өзім де, балаларым да обал мен сауаптың не екенін жақсы біледі. Негізі мен он екі жасымнан бастап жұмыс істеп келемін. Бастапқыда көшеде су тасыдым, сосын теріден жасалған киім сатумен айналыстым. Біз де кедейшілікті көріп өстік. Қазіргі таңда жағдайымның жақсы екеніне шүкіршілік етемін. Алла маған барлығын молынан беріп жатыр, мен де мұқтаж жандарға барымды бергім келеді. Осы уақытқа дейін отбасыма қатысты армандарымның барлығын орындадым. Жоғарыда айтқанымдай, Моңғолияға барғанға дейін Германияда өз бетіммен өмір сүріп жатқанмын. Алайда Алтай жақтағы ағайындардың ахуалы жүректі ауыртып, көзге жас келтіреді. Мәселен, бірде бір балаға киім апарып берсек, келесі күні әкесі жерленген бейіттің басына барып: «Әке, міне, бірінші рет жаңа киім әкеп берді» деп жылағанын естідім. Сосын тағы бір күні кішкентай қыз қасымнан айналшықтап шықпай қойды. Бірдеңе сұрағысы келген болар деп, оңашада сұрасам «Сіз менің әкеме ұқсайды екенсіз. Ол кісіні түсімде көрдім. Сізге ұқсайды» деп жыламсырап тұр. Оның үстіне, барған сайын барлығы «әке» деп алдымнан алақайлап шығады. Мұның барлығын естіп-көрген соң, одан сайын көмектескің келіп, одан сайын ынталана түсесің. Сосын осы қыз балаларға көмектескелі бері екі ұлдан кейіп көптен күткен қызым дүниеге келді. Мұны қыздарға көмектескенім үшін Құдайдың маған берген несібесі, нығметі деп білемін.

– Жаңа бір сөзіңізде Қазақстанға да көмектесіп жатқаныңызды айтып қалдыңыз. Қазақстанның қай өңіріндегі қандастарыңызға жәрдем беріп жатырсыз?

– Қазақстанда көбіне Қытайдан келген қазақтардың жанұясына көмектесудеміз. Қазіргі таңда Қаскелең жақтағы бір ауылда тұратын жағдайы жоқ кісілерге көмек таратудамыз. Сосын пандемия аяқталған соң, шалғай ауылдарда тұратын тағы да басқа мұқтаж жандарға әрі ауырып жатқан бауырластарымызға да қол ұшын созуды көздеп отырмыз. Айта кетерлік жайт, тек қазақтарға ғана емес, сонымен қатар, көмекке мұқтаж мұсылмандарға да көмектесеміз. Мәселен, көршілес жатқан Қырғыз Республикасындағы  жетімдер үйінің ішін жиһаздарға толтырдық. Балаларға сыйлық, киім-кешек апарып бердік. Сосын Мъянмадан көшуге мәжбүр болған мұсылмандарға көмек апардық. Бұдан бөлек, Босния және Герцеговинада соғыста қайтыс болған азаматтардың балаларына көмек көрсеттік.

 

 Сұхбаттасқан

Әлия ІЗТІЛЕУ

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

«Баласына елдің мүшкіл халін айтсын!» Зеленскийдің ата-анасымен бірге түскен фото қызу талқыға түсті

Бірнеше күн бұрын Украина президенті Владимир Зеленскийдің Facebook-тегі парақшасында жарияланған ата-анасымен бірге...

Түркістан әуежайы тексерістен өтті

Түркістан халықаралық әуежайы алғаш рет әуеайлақтың жарамдылық сертификатын алды. ҚР Индустрия және...

Назарбаев және Араб әлемі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күніне орай Әбу Дабиде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев...

Әлия Назарбаева Facebook желісіне тіркелді

Қоғам қайраткері Әлия Назарбаева Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты. Бұл туралы...

Жастардың назарына: тұрғын үйге өтініш қабылданады

1-6 желтоқсан аралығында елорданың жұмысшы жастарына сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...