Жаңалықтар

Үндістанның 2,7 миллионға жуық тұрғыны су астында қалды

ашық дереккөзі

Үндістанның 2,7 миллионға жуық тұрғыны су астында қалды

Үндістанның Ассам штатында тұратын 2,7 млн-ға жуық адам қызыл су астында қалды.  India Today басылымының хабарлауынша, UNESCO-ның әлемдік мұралар тізіміне енетін Казиранга ұлттық паркінде тасқыннан жүздеген жануар қырылған. Бірнеше күн  тоқтаусыз жауған жауын-шашын салдарынан Брахмапутра өзені мен оның салаларындағы су деңгейі күрт көтерілген.  Гувахати қаласында Брахмапутра өзенінің деңгейі қауіпті мөлшерден 49,68 метрге асып кетті. Қазіргі таңда Ассам штатындағы 2 548 ауыл су астында қалды. Су тасқынынан зардап шеккен ауылдардан 78 317 адам эвакуацияланды.