Қандастарға жүйелі қолдау

Қандастарға жүйелі қолдау

Қандастарға жүйелі қолдау
ашық дереккөзі
2019 жылғы 11 желтоқсанда «Nur Otan» партиясы Төра­ға­сының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Әбіқаев және Дүниежүзі қазақ­тарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков әлемдегі қазақтарды тарихи Отаны төңірегіне ұйыстыруға қолдау көрсету, атажұрттан тыс жерде, бас­қа елде туып-өсіп, елге оралған қандастарымызға көмек қо­лын созу мақсатында үшжақты меморандумға қол қойған бо­латын. «Nur Otan» партиясының Төраға­сы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дү­ниежүзі қазақтарының кезекті құ­рылтайларының бірінде: «Шетелдегі қа­зақтардың елге жиі келіп, туған же­рімен байланысын нығайтып отыр­ғаны дұрыс. Қай елде тұр­саңыз­дар да, әрдайым Қазақстанды жүректеріңіздің төрінде ұстаңыздар. Қа­зақ­тың тарихи Отаны біреу-ақ.  Ол – Қазақстан», – деген еді. Осы орай­да, «Nur Otan» партиясы Төра­ғасы­ның Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек шетелдердегі және Қазақстанға келген этникалық қа­зақтарды қолдауға бағытталған елі­міздің стратегиялық жоспарларын жү­зеге асыру жұмыстарына атсалы­суға партияның әрқашан әзір екенін және еліміз тәуелсіздік алғалы бері та­рихи Отанына бір миллионнан ас­там қазақ қайтып оралғанын, соның арқасында ұлтымыздың демогра­фиялық жағдайы қандастарымыздың үлесі есебінен жақсарғаны туралы айтқан еді. Қандастарға көрсетілетін қолдау­дың сапасын арттыру мақсатында «Nur Otan» партиясы, «Отандастар қо­ры» және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы арасында жасалған үшжақты ынтымақтастық туралы меморандум аясында ақпараттық жүйелерді, алгоритмдерді, бизнес-процестерді интеграциялау, өті­ніштерді қарау және мониторингілеу, сонымен қатар партияның аймақтық филиалдарының базасында қоғам­дық қабылдау бөлмелерінде қан­дас­тармен жұмыс істеу бойынша пар­тия­ның қызметкерлерін оқыту семи­нар­лары өткізілді. Соның негізінде пар­тияның қоғамдық қабылдау бөлім­де­рінде қандастардың түйткілді мәсе­лесін шешуге атсалысуды қолға алды. Осы бағытта бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде «Nur Otan» партиясының аймақтық және аудандық бөлімдеріне қандастарға көрсетілетін қолдау мо­ниторингін жүргізу қажеттілігі анықталды. Осыған байланысты «Nur Otan» партиясының аймақтық және ау­дандық қоғамдық қабылдау бөлме­лері тоқсан сайын қандастарға ұсы­нылған ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ меморандум аясында 2020 жылы партия тарапынан бір­неше рет топтық тренингтерді өткізу мүм­кіндігі үшін компьютерлік тех­никамен жабдықталған конференц-залдар, митинг-румдар, конференц-бөлмелер ұсынылды.

Мәдени-гуманитарлық байланыс

«Шетелде тұратын қазақ диас­пора­сымен мәдени-гуманитарлық байланыстарды қамтамасыз ету ба­ғытында іс-шаралар өткізу» мем­лекет тапсырмасының шеңберінде мәдени-гуманитарлық жобалар департаменті 2020 жылғы 1-15 ақпан аралығында ғұ­ла­ма ойшыл Әбу Насыр әл-Фара­би­дің 1150 жылдығына және қазақ  жаз­ба әдебиетінің негізін қалаушы, хакім Абай Құнанбаевтың 175 жыл­ды­ғына арналған алыс және жақын шетелдердің этникалық қазақ бала­лары арасында «Ана тілім –ардағым» деген халықаралық шығармашылық байқау өткізді. Байқауға Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Беларусь елдерінен бар­лығы 32 қандас қатысты. Байқау жеңімпаздары Қазақстанға «Туған елге саяхат» туристік пойызы, «Бал­дәурен» балалар лагері (Бурабай ку­рор­ты) және НЗМ лагері (Нұр-Сұлтан қаласы) жобаларға қатысуға шақы­ры­лады. Қазіргі уақытта әлемге жайылған ко­ронавирус індетінің таралуы және ка­рантин тәртібіне байланысты кей­бір жұмыстар кейінге шегерілуге мәж­бүр. Алайда шетелдегі қазақ диас­пора­сы және елдегі қандастармен бай­ланыс үзілген жоқ. «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтар қауым­дастығы онлайн форматта жұ­мыс атқаруда.  

«Отандастар қоры»

КеАҚ баспасөз қызметі