Нұротандықтар Қостанай дәріханаларына мониторинг жүргізді

Қостанай облысындағы медициналық және фармацевтикалық қызмет ауқымындағы бақылау комитеті тәрізді мемлекеттік өкілетті органдардың жүйелі жұмыстарымен қатар фармацевтік нарықтағы жағдайға қоғамдық мониторинг жүргізіліп отырады.

Жұмыс шеңберінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова «Достық» профилакторийнде орналасқан тексеру орталығында болды.  Қостанай облыстық ауруханасы бас дәрігерінің терапия жөніндегі орынбасары Ирина Гусаченконың айтуы бойынша, бүгінгі күнге тексеру орталығында 7 дәрігер, 13 медбике және 13 тазалықшы жұмыс істеп жатыр.

Провизорный стационар на базе «Достық» профилакторийіндегі тексеру стационарында оттегіні байытатын 3 құрылғы, 1 оттегі баллоны бар. Ем қабылдаушыларға тамақ бес рет беріледі, диагностикалық, зертханалық  жұмыстар таңертең жүргізіліп, облыстық ауруханаға жіберіледі, үдеріс толығымен жолға қойылған, – дейді Ирина Николаевна.

Сол сияқты Ирина Аронова таза белдеу бөлмелерінде болды. Медицина қызметкерлерінің жұмысымен танысты, олардың бетперделермен,  халаттармен және басқа да жеке қорғаныс құралдарының болуын тексерді. Ашық ауада балкондарына шығып тұрған науқастармен қашықтықтан әңгіме жүргізді. Проблемалық мәселелер жоқ болып шықты. Бәрі де бар, көңілдері тоқ.

WhatsApp Image 2020 07 23 at 14.53.39 1

Сонымен бірге қонақ  № 59 дәріханада да болды. Дәріхана директоры Максим Кукушкиннің айтуы бойынша бүгінгі күнге дәрі тапшылығы жоқ, дәлелсіз себептермен дәрі бағасының қымбаттауына жол берілмеген.

WhatsApp Image 2020 07 23 at 14.53.39

Сонымен қатар фармацевтикалық саланың мамандары, емдеуші дәрігерлер азаматтарды өз беттерінше күші әсер ететін антибиотиктарды, антикоагулянттарды, гормоналдық дәрілердәрілерді қолдануда сақтық білдіргені жөн деп ескертеді – дәрігердің бақылауынсыз ол денсаулықты ауыр салдарға әкеліп соғуы мүмкін. Дәрі-дәрмектерді «қажет болар» деп шамадан тыс көп сатып алмауға шақырды. Өйткені артығымен алған дәрілер қобдида текке жатқанда, ол дәл қазір ауадай қажет басқа науқастарға сол дәрілер жетпей жатуы мүмкін.

 

Back to top button